«Ж. Кизатов атындағы жоғары ауылшаруашылық колледж» КМҚК ішінде жастар арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында «Суицид туралы аңыздар немесе қиын жағдайға тап болған адамдарға қалай көмектесуге болады?» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шара барысында «Өмір қызықты» атты әлеуметтік бейнеролик көрсетілді. Басқосуды колледждің әлеуметтік педагогы С.Г. Коновалова жүргізді. Әңгіме барысында қазіргі қоғамдағы суицид мәселесі, адамның өмірінің құндылығы туралы айтылып, суицидтің алдын алу алгоритмі түсіндірілді. Студенттер өзін-өзі басқару әдістерін, күйзелісті жеңу жолдарын қарастырып, суицидке итермелейтін себептер жайлы пікір алмасты. Кездесудің маңызды сәттерінің бірі – «Неге сіз өмірді таңдайсыз?» деген сұраққа жауап беру болды. Студенттер өздерінің қуанышты сәттерін түрлі-түсті емен және үйеңкі жапырақтарына жазып, оларды «Өмір ағашы» атты коллажға жапсырды. Қатысушылар кездесуге белсене атсалысып, өз ойларын ашық жеткізді. Әлеуметтік педагог қиын жағдайға тап болған кезде жалғыз қалмау керектігін, әрдайым көмек сұрауға болатынын ерекше атап өтті. Осындай сәттерде тегін қызмет көрсететін сенім телефондары мен психологиялық қолдау орталықтарына жүгінуге болатыны айтылды. Олардың нөмірлері қағаздан жасалған кемелерге жазылып, студенттерге таратылды. Бұл кемелер олар үшін кітап беттеріндегі бетбелгі ғана емес, сонымен қатар әрқашан шығатын жол бар екенін еске салатын символға айналды.
